Қызылорда облысы Қазалы ауданы
«Тасарық» ауылындағы №238 орта мектебінің тарихы.
/Жазбаны тарих пәнінің мұғалімі
Алмат Сұлтамұратов дайындаған/
Мектеп тарихы 1970 жылдан басталады.1970 жылдың қыркүйек айында ауылдан алғашқы төрт класстық бастауыш мектеп ашылған.Алғашқы ұстаз Шобдар Ержанов болған,мектепте отыздан астам бала білім алған.1973 жылы сол кездегі ауыл басшысы Жалғасбай Аханов атамыздың мұрындық болуымен ауылдан мектеп құрылысы салынып,осы жылдың қазан айынан бастап бұрынғы бастауыш мектеп сегіз жылдық мектепке айналған, бірақ сегізінші сыныпта бала саны жетіспеуіне байланысты алғашқы жылы жеті сынып болған.Мектепке №238 «Коммунизм» сегіз жылдық мектебі деген атау берілген. Мектептің алғашқы директоры Ерғали Кәрібаев, оқу тәрбие ісі меңгерушісі болып Жұмағали Ниязымбетов тағайындалған. Мектепте алғашқы жылдарда ұстаздық еткен мұғалімдер: Шобдар Ержанов, Патима Кәрібаева бастауыш сынып мұғалімдері Айнагүл Биманова география ,Жұмағали Ниязымбетов қазақ тілі, Набатбай Сәдуақасов орыс тілі, Жанымкүл Мылтықбаева тарих, Ерғали Кәрібаев математика, Әнуәрбек Әбдімұратов дене тәрбиесі, Мұсабек Каримов еңбек пәндерінен дәріс берген. Келер оқу жылында бұл құрамда Құттыбай Аханов математика, Набат Өтепбергенова бастауыш сынып т.б жас кадрлармен толыққан. Ерғали Кәрібаев бұл білім ордасын 1981 жылға дейін басқарған бұл жылдарда мектептің техникалық базасы нобайын мектеп жанынан шопан балаларына арналған 50 балалық интернат ашылған. Бұрынғы мектеп басшыларына интернат үйі осы жылдары мектеп интернаты облыстық үйіне айналдырылған. Бір айта кетерлігі соцалистік жарыстың жеңімпазы ауыспалы қызыл ғимарат әлі күнге дейін пайдалануға бірнеше рет жеңіп алды. Жарамды, қазіргі әкімшілік үйі осы ғимаратты пайдаланып отыр. Сол кезеңдерде мектептегі бала саны 150 ге жеткен мектеп жанына интернат үйіне арнап қосымша құрылыс салынған. Мектеп жаңа жас кадрлармен толыққан. 1981 жылдың қыркүйек айынан 1983 жылдың тамыз айына дейін мектеп директоры қызметін Сәрсен Сейілов атқарды. Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Құттыбай Аханов болды.
1983 жылдың қыркүйек айынан 1988 жылдың наурыз айына дейін мектеп директоры қызметін Бақытжан Шаханов атқарды. 1988 жылдың сәуір айынан 1989 жылдың қыркүйек айына дейін Жетібай Тақманбетов 1989 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қыркүйегіне дейін Аманбай Есетов директор қызметін атқарды. Бұл аралықта мектепте бірнеше кадрлық өзгерістер болды. 2000 жылдың қыркүйегінен бастап мектеп орта мекемеге айналды. Қоғамдағы өзгерістерге байланысты мектеп жанындағы интернат жабылды.
2005 жылдың қыркүйек айынан 2007 жылдың қараша айына дейін мектеп директоры қызметін қайтадан Жетібай Тақмамбетов атқарды.
2007 жылдың желтоқсан айынан 2009 жылдың ақпан айына дейін Жарқынбай Қалымбетов 2009 жылдың наурызынан
2014 жылдың сәуір айына дейін Құттыбай Аханов,
2014 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың тамыз айына дейін Нұрсұлтан Құламетов
2018 жылдың қаңтар айынан 2020 жылдың қыркүйегіне дейін Айдос Имановтар мектеп директоры қызметін атқарды.
2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін мектеп директоры міндетін уақытша атқарушы Тойбазар Бөлебаев атқарды.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап бұл қызметті Әлия Кеулімжай атқарып келеді.
2010 жылы бұрынғы мектеп апатты жағдайға жетуіне байланысты жаңадан екі қабатты мектеп үйі салынған пайдалануға берілді.